Сәуле кітапханаға жұмысқа орналасты

Кентау қаласы бойынша жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2 270 адам қамтылды. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Субсидияланатын жұмыс орындарына 981 адам орналастырылды. Оның ішінде қоғамдық жұмысқа 567 адам жолданды.

Қоғамдық жұмыспен Кентау қалалық орталық кітапханаға жұмысқа жолдама алған Қадырбаева Сәуле «кітап әлемінде» жұмыс жасап жатқандығына дән риза екендігін, әр күні жұмысқа мерекеге бара жатқандай күйде болатындығын жеткізді. II топ мүмкіндігі шектеулі жан Сәуле бір қызды өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Осы орайда, кітапхана қызметкері денсаулығын ескеріп, кітапханаға жұмысқа жолдаған мансап орталығы қызметкерлерін білікті де өз жұмысын жақсы білетін мамандар екендігін атап өтті.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, былтыр Түркістан облысында 109 716 жұмыс орнын ашу жоспарланса, барлығы 133 620 жұмыс орны ашылып, жоспар 121,8%-ға орындалды. Атап айтқанда, 93 422 адам тұрақты, 40 198-і уақытша жұмысқа орналастырылды.

Ұлттық жобалар аясында  іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша  5 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Нақты 432 жобаны іске асыру нәтижесінде 3 651 адам (73%) жұмысқа тартылды. Жұмысқа орналасқан 3 623 адаммен электрондық еңбек келісімшарты (ЭЕК) түзіліп, 3 485 адамға (95%) міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) аударылды.

«10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру» бағдарламасы бойынша 22 595 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда нақты 32 913 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. «Еңбек» бағыты бойынша 2023 жылы 91 521 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 54 406 адам (жоспар – 44 729 орын) тұрақты жұмысқа жолданды. Жұмысқа орналасқан адамдардың 81,9%-ына МЗЖ аударылып, олардың 74,7%-ымен ЭЕК түзілген. Ал, 37 115 адам (жоспар – 32 910 орын) уақытша субсидияланған жұмыс орындарына жолданды. Жұмысқа орналасқан адамдардың 97,9%-ына МЗЖ аударылып, 96,4%-ымен ЭЕК түзілген. Сонымен, өңіріміз бойынша 5 275 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 18 600 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 9 007 адам «Жастар практикасы», 2 130 адам «Алғашқы жұмыс орны», 2 103 адам «Күміс жас» жобалары бойынша жұмысқа жолданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *