Жастарды жат ағымнан қорғау – маңызды міндет
Жиында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Рустем Нұрдәулет сөз сөйлеп, экстремизмнің алдын алу, интернет алаяқтық пен есірткі қылмыстары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар теолог маман сөз сөйлеп, жат ағымдардың зияны мен оның алдын алу жолдары туралы түсіндірме берді.
Кездесуге аудан имамдары, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар мен әкімдік қызметкерлері қатысты.
Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
