Шымкентте 21 жеткіншек кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды

Мегаполистің ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен күрес бойынша 3 күндік жедел-профилактикалық іс-шараны қорытындылады.
Түнгі рейд барысында тәртіп сақшылары беймезгіл уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген, кәмелетке толмаған 108 баланы анықтады. Олардың заңды өкілдері жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемесінде болуына жол берген 5 тұлға айыппұл арқалады.
Бұған қоса, қадағалаусыз жүрген 21 жеткіншек кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *