Кентау қаласы гүлмен көмкеріліп, көркі артып жатыр

Бүгінде Кентау қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экоакция шеңберінде қаладағы орталық көшелер, саябақтар мен аллеяларға 40 мыңға жуық гүл отырғызылды. Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау, оларды жүйелі түрде суару және жаңа көшеттер отырғызу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл шаралар қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі әсем орта қалыптастыруға бағытталған.
Бұдан бөлек, қала көшелері мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, абаттандыру жұмыстары да қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Аталған жұмыстарға коммуналдық қызмет мекемелерімен қатар, еріктілер мен қала тұрғындары да белсенді қатысып келеді. Осындай игі бастамалар Кентау қаласының тазалығы мен көркіне оң әсерін тигізіп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға сеп болуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *