Сауран ауданы Ескі Иқан ауыл округінде мақта майын өндіретін цехы ашылады
Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2023 жылы 101,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,1 пайызды құрады.
2024 жылға ауыл шаруашылығы бойынша жалпы құны – 19,4 млрд. теңгеге 11 ірі және 35 шағын инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. Жоспарланып отырған инвестициялық жобалардың бірқатарына тоқталып өтсек. Мәселен, Ескі Иқан ауыл округіндеқуаттылығы жылына 3000 тонналық мақта майын өндіру цехы, Оранғай ауыл округінде қуаттылығы жылына 150 тонналық кондитерлік, тамақ және жартылай фабрикат өнімдерін сақтайтын қойма салынбақ. Шаға ауыл округінде 588 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы картоп, сәбіз егу жобасы іске асырылып, Жаңа Иқан ауыл округінде 1400 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісі, Жібек Жолы ауыл округінде 1000 гектар жерге жаңбырлатып суару әдісі енгізілмек. 2024-2027 жылдар аралығында мақта майы және кір сабын, қалған қалдығынан мал азығын шығару, жіп өндіру, мата шығару жобасы қолға алынатын болады. Сонымен қатар, Шорнақ ауыл округінде 400 гектар жерге жерге жаңбырлатып суару әдісі енгізіліп, Оранғай ауыл округінде 400 бастық сүт-тауарлы фермасы, Оранғай ауыл округінде 1,0 гектар жерге мал азығын дайындайтын цех, Шаға ауыл округінде 600 бастық сүт-тауарлы ферма, Оранғай ауыл округінде 5000 басқа арналған ІҚМ бордақылау алаңы құрылысы басталмақ.
Ауданда 2839 гектар су үнемдеу технологиясы орнатылған. Ол жалпы егіс көлемінің 6,4 пайызды құрайды.Жоғарыда аталған жобалар есебінен биылғы жылы қосымша 4839 гектар жерге су үнемдеу технологиялары орнатылып, 7678 гектарды құрап, жалпы егіс көлемінің 17,8 пайызына жетеді деп күтілуде.
Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасымен 191 жоба 1 267 млн.теңгеге қаржыландырылды.