ОРДАБАСЫДА АЛЮМИНИЙ БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Ордабасы ауданында шетелдік «Central Asia Aluminium» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жобасын жүзеге асыруда. Компания өкілдерін аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов қабылдап, жобаның 1-кезеңінің құрылыс жұмыстарының аяқталуына қатысты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, қос тарап нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Айта кетсек, құны 4,4 млрд теңгені құрайтын жоба толық іске қосылған уақытта 200 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сонымен қатар, жобаның 1-кезеңінде жылына 10 тонна алюминий бұйымдары өңделетін болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі