ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАДЗЮДОШЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Грузия елінің Тбилиси қаласында 24-25 наурыз күндері парадзюдодан Әлем Кубогы сарапқа салынды. Ел намысын қорғаған түркістандық балуан Бағланбек Оңалбек үздіктер қатарынан көрініп, күміс медальді ел қоржынына салды.
95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күш сынасқан спортшы финалдық бәсекеде бразилиялық қарсыласына есе жіберді. Ол алдағы өтетін халықаралық додаларға дайындығын күшейтіп, ел мерейін үстем етуге барын салатынын жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *