Сайрам ауданы аумағында этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы толығырақ айта кетсек. Аудан аумағындағы этносаралық ахуалды бағалау мақсатында аудандық полиция басқармасынан күнделікті орын алып жатқан оқиғалар жөнінде мәлімет этносаралық қатынастар саласының мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөліміне жолданып отырады.Орын алған проблемалық мәселелерді, этносаралық шиеленісті, кемсіту және қақығыс фактілерін, этносаралық саладағы тоқсандық өзгерістер динамикасына талдау жасалынады. Сонымен қатар, этносаралық салада орын алып жатқан мәселелер бойынша тоқсан сайын зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалынады.Айталық, аудан аумағында 3 ай көлемінде этнос өкілдерінің қатысуымен орын алған оқиғалар: өзінше билік ету -2, бұзақылық — 4, жалпы – 6 оқиға орын алған.
Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардағы этносаралық және әлеуметтік ахуал туралы да айта кетейік. Аудан аумағында шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар жоқ.Еңбек мигранттары арасындағы жағдайға талдау жасалынады. Бүгінгі таңда Сайрам ауданы аумағында Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, мерзімін ұзарту бойынша алынған ақпараттарға сүйенсек, жыл басынан бүгінге дейін келіп түскен құжат саны 172-ні құрайды. Оның ішінде кері қайтарылған құжат саны – 73, рұқсат берілген құжат саны – 99.
Шағын тұратын этностардың көңіл-күйіне талдау және олардың тарапынан жергілікті атқарушы органдарға сенім деңгейі бойынша да бірқатар шаралар атқарылуда. Аудан аумағында шағын тұратын этностар туралы мәліметтер жинақталып, олармен тұрақты түрде қарым-қатынас жүргізілуде.Этносаралық қатынастар саласында аналитикалық, әлеуметтік зерттеулер өткізу және зерттеу нәтижелері туралы анықтама алынады. «Қоғамдық келісім» КММ-нің тапсырмасына сәйкес 2023 жылы аудан аумағындағы әртүрлі жастағы этнос өкілдеріне сауалнамалар жүргізуді мекемеге ұсынылды.Өңірлік басшылығына және АҚДМ-ге аналитикалық баяндамалар мен жазбалалар дайындалды.
Онда Сайрам ауданы аумағында этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жұмысы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өңірлік жоспарлардың орындалуы туралы ақпарат берілген. Жалпы мекеме тарапынан бекітілген этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша өңірлік жоспарлар уақытылы орындалуда.Әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, ресми аккаунттарды құру және дамыту, ресми аккаунттарда этносаралық қатынастар тақырыптарын оң ақпараттық күн тәртібіне насихаттау жұмыстары өз мерзімінде атқарылуда. Әлеуметтік желіде филиалдың ресми фейсбук парақшасы құрылған, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.Сала мамандарының мәлімдеуінше, мониторинг жүргізу барысында деструкивті басылымдар жазғандар анықталмады. Деструкивті басылым шығаруы мүмкін болған адамдармен жұмыстар жүргізілді, алдын алу шаралары қабылданды.