Сауран ауданында шегіртке зиянкестеріне қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде
Сауран ауданында биыл марокко шегірткесіне қарсы 6 мың гектартан астам аумақ өңделеді. Тарқата айтсақ, бұл жұмыстар екі секторға бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы секторға Жаңа Иқан мен Ескі Иқан аумақтары, екінші секторда Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал, Бабайқорған ауылдары бар. Әр секторға 1 су таситын техникадан белгіленген. Қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары аумақтық инспекция тарапынан бақылауға алынған.
Сонымен қатар, саяқ шегірткесіне қарсы биыл 4 мың гектар жерді өңдеу жұмыстары жоспарлануда. Бұл жұмыстар жергілікті атқарушы органдар арқылы іске асырылмақ. Осы орайда, ауданда 12 су көзі, 6 көлік және 2 жатын орын жоспарланған. Жалпы 970 гектар аумақ қаралып, 500 гектар жер дәріленді.
