Төлебиде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорына 45 тұрғын үй сатып алынады

Қазіргі таңда Төлеби ауданында 7011 азамат жер кезегінде тұр. Аталған мәселені шешу мақсатында 5 елді мекеннің инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізуге 2023 жылы 190 млн. теңге. 2024 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 226 млн теңге қаржы бөлінді.  2024 жылы Момынай елді мекенінің (электр жүйесі, газбен жабдықтау) инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізуге 886 млн теңге қаржы қарастырылды. Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникация құрылысына 2023 жылы (электр жүйесімен жарықтандыру) 200 млн теңге 2024 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 268 млн теңге. Аталған нысанның автомобиль жолдарына 1 353 млн теңге қаржы бөлінді.

Леңгір қаласының Қапал батыр көшесі бойынан құны 7 млрд 666 млн құрайтын  5 қабатты 9 тұрғын үйлердің №6,8,9  үйлерінің құрылысына 1 млрд 50 млн теңге қаржы қарастырылды. Ленгер қаласы Базарная және Қ.Дүйсемұратұлы 5 қабатты 40 пәтерлі  4 тұрғын үй құрылысын салу бойынша жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп қаржыландыруға салалық басқармаларға ұсынылды. (жалпы 160 пәтер) Құны 1 млрд 817 млн теңге. Бұған қоса, 7 жобаның жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2023 жылы 19 млн теңге, 2024 жылы  14,9 млн теңге қарастырылды. 4 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы демеушілер есебінен әзірленуде.

Ауданда тұрғын үй кезегінде 6665 азамат бар. 2023 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан 20 тұрғын үй сатып алуға 192 млн. теңге қарастырылды. 2024 жылға аталған жоба аясында 45 тұрғын үй сатып алуға 591 млн. теңге қарастырылды.

Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың жалға алып отырған баспана ақысының 50%-ын мемлекет төлеп береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *