Түркістан – рухани және тарихи елордамыз

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Түркістанға қаласына жасаған ресми сапарында Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беруді ұсынған болатын.

«Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек», – деді Президент.

Бүгінде Түркістан қаласы жаңа заманға сай қайта түрленіп келеді. Қала ілгерілеу мен жаңарудың үл­­гісіне айналып отыр. Қазір мұнда тартылған ин­вес­тиция көлемі 8 есе артқан. 77 мың адамға арналған көпқабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жа­сыл-желекке оранып, экологиялық ахуалы жақ­сарған. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады. Рухани қаланы көруге келген туристердің де қатары артқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *