Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге позитивті сөздер жазылған парақшалар таратып, жол ережесін сақтауға шақырды

Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында жаңа бастаманы қолға алды. Көшеде көліктерді тоқтатып, жүргізушілерге позитивті сөздер жазылған парақшалар таратты. Сондай-ақ, жол ережесін сақтау қажеттігін ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ал, жол ережесін бұзбаған автокөлік иелеріне естелік ретінде ізгі тілектер мен ықаласты сөздер жазылған естелік биркаларын ұсынды.
Мәселен, парақшаларда «Сіз — жол ережесін қатаң сақтайтын жүргізушісіз», «Сіз — сұлу да сымбатты жансыз», «Сіз – ардақты атасыз», «Сіз – жол ережесін бұзбайтын үздік жүргізушісіз», «Сіз – бауырмал жансыз», «Сіз – жол қауіпсіздігіне кедергі келтірмейтін жүргізушісіз» — деген жазбалар бар.
Көлік жүргізушілері жол патрульдік полицейлері көлікті тоқтатуға нұсқау берген кезде іштей қобалжу болғанын айтты. Ал, ықыласқа толы естелік парақшасын ұсынған кезде ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *