Биыл Төлеби ауданында туризм саласындағы инвестиция көлемі 1,8 млрд. теңгеге жеткізілмек
Төлеби ауданында туризм саласында 140 нысан қызмет көрсетеді. 2023 жылы 39 697 турист келген. 2,9 млрд теңге инвестиция тартылып, 8 жоба жүзеге асып, 42 жұмыс орны ашылған. 2023 жылы іске асырылған инвестициялық жобаларға тоқтала кетсем, Алатау ауылдық округінде жеке кәсіпкер Еркінбек құны 100 млн теңге болатын демалыс аймағын іске қосып, 5 жұмыс орнын ашқан. Жеке кәсіпкер Файзиева Г. құны 800 млн.теңгені құрайтын 11 коттедж, 1 бассейн, 1 қонақ үй ашып, 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алатау ауылдық округінен ЖК Наралиев Т. қонақ үй, ресторан іске қосып, 5 жұмыс орнын ашты. Жоба құны 500 млн.теңге. Жеке кәсіпкер Юнусов А құны 150 млн.теңге болатын қонақ үй іске қосып, 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Жеке кәсіпкер К.Қожамжарова саумалмен сауықтыру орталығын іске қосып, 10 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыды. Жоба құны 150 млн.теңге. Жеке кәсіпкер «Ысқақов Қалдыбек» құны 500 млн.теңгені құрайтын демалыс орнын ашып, 6 адамды жұмыспен қамтыды. Жеке кәсіпкер Сақыбаев М. қонақ үй, ресторан, бассейн құрылысын жүргізіп, ел пайдалануға беріп, 5 жұмыс орнын ашты. Жоба құны – 600 млн.теңге.
2024 жылы инвестиция көлемін 1,8 млрд.тенгеге жеткізу жоспарлануда. Құны 220 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 10 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Атап айтар болсақ, олар: Біркөлік демалыс аймағынан жеке кәсіпкер «Рысбаев» құны 120 млн теңгелік демалыс орны; Біркөлік шатқалынан ЖК «С.Сақибаев» өз қаражаты есебінен құны 100 млн теңге болатын қонақ үй құрылысы.
Биылғы жыл басында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туризм саласы бойынша 2023 жылдың қорытындысын ұсынған болатын. Сол статистикалық есепке сүйенсек, Түркістан өңіріне 562,8 мың турист келген (2022 жылы – 470 мың адам).