Сайлаушылары сенім артқан депутат
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, AMANAT партиясының фракция мүшесі Уалихан Рысбекұлы Рахиев тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Нақтырақ айтқанда, «Жылға» БПҰда Сарыағаш ауданы Жылға ауылдық округі тұрғындарымен жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға Жылға ауылдық округі Қарақалпақ ауылының төбе биі және ауылдың ақсақалдары ауылдың ауыз су мәселесі, байланыс операторлары және көшелерді жарықтандыру мәселелерін шешуге өтініштерін білдіріп, сауалдарын қойды.
-Әр мәселе өз деңгейінде шешімін табады. Біз өз ықпалымыз арқылы заң тұрғысынан жәрдем береміз. Өз атымнан депутаттық сауал жолдаймын. Нәтижесінде жұмыс оң шешімін тауып жатса, қуанамыз. Сайлакшыларымыздың, мәселесі ұдайы басты назарда болатынын айтқым келеді,-деді У.Рысбеков.
Халық қалаулысы тұрғындардың әрқайсысының тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауап беріп, алдағы уақытта атқаратын жұмыстары бойынша сайлаушаларымен бөлісті.
Айта кетейік, AMANAT партиясының кезекті қабылдаулары кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Алдағы уақытта да, қоғамдық қабылдау өткізу жалғасын таба бермек.