Нарқыз әже ұлттық құндылықтарымызды насихаттады

Түлкібас аудандық орталық кітапхананың оқу залында Отбасы күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Г.Желдибаеваның ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыпта үлгілі отбасымен сыр-сұхбат кеші өткізілді.

Ұрпаққа берген тәлім-тәрбиесімен, туған-туыс, ауылдас көршілерімен ынтымақтық қатынаста, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімімен көпке үлгі болған отбасылардың бірі – Мәмбеталы Бағысбаевтар әулетінің келіні Жаулыбаева Алтынша және жеке құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі бола білген тәрбиенің бастауы, ұлттық құндылықтарға деген көзқарасты, салт дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғары үлгілерін сіңіретін, ұлты өзге болғанымен жүрегі, тілі қазақ деп айналасына шуағын шашып жүрген Алиева Нарқыз әжелеріміз қонақта болды. Сыр сұхбат кешінде отбасылық құндылыққа байланысты мағыналы ой тастайтын ғибратты әңгімелер мен рухани тәрбиелік өсиеттер айтылды. Іс-шараға қатысушылар сұрақтар қойып, тиісті жауаптармен бірге рухани кештің куәсі болды.

Кештің соңында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Н. Омарбекованың орындауындағы «Ризамын» әнімен аяқталды.

Түркістан – халық саны жағынан еліміздегі көшбасшы өңір. Тиісінше көп балалы аналар саны жағынан да ел бойынша алдыңғы орында.

Жыл сайын республикамызда дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі Түркістан облысының еншісінде. 2023 жылы өңірде 54 мыңнан астам сәби жарық дүние есігін ашты. Сонымен қатар, бүгінде облысымызда 179 мың көп балалы ана бар.  2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлері бар. Ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *