Сауран ауданында 8 елді мекенде ауыз су 24 сағат беріледі

Сауран ауданында 33 елді мекен ауыз сумен қамтылған. (Егізқара елді мекені құдық арқылы). 2023 жылы Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.Тәулік бойы ауыз сумен қамту мақсатында, ауыз су тарату орталықтарындағы 68 дана тозығы жеткен су насостары ауыстырылып, 8 елді мекеннің ауыз су берілу уақыттары 24 сағатқа ұзартылды.

Сонымен қатар, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл, С.Қожанов елді мекендердегі ауыз су мәселесін шешуге 5 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке – 8,8 млрд. теңгеге қаржы бөлуге ұсынылды.Еңбекші Дихан, Қаражон, Ынталы, Бершінтөбе, Қосқорған елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жобалар әзірленуде.

Айта кетейік, Түркістан облысы тұрғындарын таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы 70 нысанның құрылысы жүргізілді. Оған бюджеттен 18,6 млрд. теңге бөлінген. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде 36 нысан пайдалануға берілді. Қалған 34 нысанның құрылысы биыл аяқталмақ.

Осылайша, өткен жылы облыста 20 елді мекен таза ауыз сумен қамтылып, 9 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылды. Сөйтіп, өңірдегі 832 елді мекеннің арасында таза ауыз су мәселесі толық шешілгендерінің қатары 739-ға жетті. Егер пайызға шағып қарайтын болсақ, бүгінде Түркістан облысында қала тұрғындарының 99,8 пайызы, ал, ауыл тұрғындарының 97 пайызы таза, сапалы ауыз суды үздіксіз тұтыну мүмкіндігіне ие болып отыр.

Халықты таза ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыс биыл да жалғасын табады. Атап айтқанда, биыл 47 нысанға бюджеттен 13,3 млрд теңге бөлініп, соның ішінде 37-сін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Ал, қалған 10 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталмақ. Нәтижесінде 22 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 13 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *