КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РОБОТОТЕХНИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Кентау қаласында робототехникаға қызығушылығы артқан балалардың саны артып келеді. Одан бөлек, түрлі жарыстарға барып жоғары көрсеткіштерге ие болуда. Соның бірі «FIRST CHAMPIONSHIP» робототехниктер сайысының «FIRST LEGO LEAGUE CHALLENGE» санаты бойынша Кентау қаласының «RoboKent» командасы чемпион атанып, Азия ойындарына жолдаманы ұтып алды.
Аталған жарысқа Азия және Қазақстан командаларынан іріктелген 120 команда қатысады. Жеңіске жеткен команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *