ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕРІ ЕЛ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Астана қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының Кубогы және 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған спортшылар додасында түркістандық жеңіл атлеттер де жүлдеден құр қалмады.
Үздіктер бақ сынасқан сайыста Түркістан облысының намысын қорғаған Бексұлтан Елікбаев ядро лақтырудан қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль алды. Ал, 2008-2009 жылы туғандар арасындағы ел чемпионатында 200 метр қашықтыққа жүгіруден Дастан Балғымбаев 2-орын иеленіп, күмісті қанағат етті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі