Бәйдібектіктер ел қорғаған батырларды еске алды
Аудан орталығындағы «Даңқ» мемориалында Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлерімізді бір минут үнсіздікпен еске алып, құран оқылып, «Даңқ» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан аудан тұрғындары мен қонақтарды Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 78 жылдық мерекесімен құттықтады.
Шарада Берік Тұрлыбеков Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай, азаматтық парызын өтеудегі ерлігі мен жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі белсенді қызметі үшін Чернобыль апатын жоюға қатысқан, тәжік, ауған соғысының ардагерлеріне аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Мерекелік іс-шараға қатысқандар аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.