Энергияның жетіспеушілігі үлкен мәселе тудыруы мүмкін
Атом электр станциясы атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы болып табылады. Ол атмосфераны, топырақты ластамайды және мұхиттардың қышқылдығының жоғарылауына әкелетін парниктік газдар шығармайды. Сондықтан, атом электр станциясын салу арқылы біз қоршаған ортамызды зиянды заттардан қорғай аламыз. Мұны бір деңіз.
Екіншіден, атом электр станицясын салу арқылы біз экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендейтін боламыз. Тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. Атом энергетикасының дамуы елімізде ғылыми зерттеулердің жүргізілуіне, сонымен қатар, жоғары технологиялық өнімдер экспорты көлемінің артуына ықпал етеді. Қызмет көрсету салалары да дамиды. Қорыта айтқанда, атом электр станциясы ел тұрғындарының тұтынуына қажетті электр энергиясын өндіреді.
Қазірдің өзінде біз энергияның жетіспеушілігін байқаймыз. Оның үстіне, электр желілері де тозып барады. Соның салдарынан жауын-шашынды күндері ауыл-аймақтарда жарық жиі сөнетін болған. Экономикасын өсіп-өркендесін десек, бізге өндіріс орындарының жұмысын жандандыру қажет. Ал, ол үшін энергия жеткілікті деңгейде болуы тиіс. Энергия жеткілікті деңгейде болуы үшін біз қоршаған ортаға зиянсыз әрі тәулігіне 24 сағат электр қуатын өндіретін АЭС салу туралы мәселесін қолдауымыз қажет.
Дәл қазір елде атом электр станциясын салуға қатысты қоғамдық талқылаулар жүріп жатыр. Статистикалық деректерге жүгінсек, АҚШ-та атом электр станицясы 1957 жылы, ал КСРО-да 1964 жылы салынған екен. Содан бері бірде-бір рет апат орын алғанын естіген жоқпыз. Бүгінде әлемде ең сенімді реакторлардың бірі осы атом электр станициясы деп есептелінеді. Өзбекстан, Түркия, Бедларусия, Мысыр елдері атом электр станциясын салуды қолға алды. Егер де біз өзімізге қажетті электр энергиясын өндіре алмайтын болсақ, онда Өзбекстан республикасы электр энергиясын бізге сататын болады.
Өркениетті елдердің бәрінде атом электр станциясы бар. Олар АЭС-тің тиімді екенін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Сондықтан, бізге де АЭС-тің пайдасы көп екенін түсінетін уақыт жетті деп есептеймін. Жер асты қазба байлықтарымыз ертеңгі күні таусылады. Болашағымыз үшін бүгін нақты қадамдар жасауымыз қажет.
Ирисметов Махамеджан Ахмеджанович,
«Ядролық полигондың ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасы