ТӨЛЕБИДЕ СЕНБІЛІККЕ 1700 АДАМ ҚАТЫСТЫ
Бүгін Түркістан облысы әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Тазалық – біздің қолымызда» экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың тапсырмасымен, шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы бастаған мемлекеттік қызметшілер, мекеме қызметкерлері және еріктілер белсене қатысты.
Сенбілік барысында тазаланған аумақтар:
1. Қасқасу – Сайрамсу өзені бойы
2. Біркөлік демалыс аймағы
3. Ақмешіт демалыс аймағы
4. Тұрбаза демалыс аймағы
Аталған жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар жиналып, табиғи аумақтар абаттандырылды.
Демалушыларға табиғатты таза ұстау, қоқысты өзімен бірге алып кету қажеттігі ескертіліп, қоршаған ортаны ластау — заңмен жазаланатыны түсіндірілді.
Сенбілікке 1700 адам қатысып, 15 техниканың көмегімен 52 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды
Жыл басынан бері өткізілген тазалық шаралары 498 мекеме, 59 867 адам қатысты. Сенбіліктерге 178 техника жұмылдырылып, 501 км облыстық, 757 км аудандық жол бойы тазартылды. 152 км ирригациялық арықтар, 98 км өзен-каналдар тазаланып, 1029 қураған ағаш бұталды. 17 саябақ, 15 аллея, 19 спорт алаңшасы тазалық шаралары өткізіліп, 995 тонна күл-қоқыс шығарылды
Бұл бастама — табиғи аумақтарды таза ұстауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған.
Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы! Баршаңызды экологиялық мәдениетті сақтауға, туған өлкені таза ұстауға шақырамыз.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі