КЕНТАУДА ЖАҢА ТІГІН ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Кентауда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында жаңа тігін цехы өз жұмысын бастады. Цехтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов арнайы қатысты.
Игі істің бастамашысы – «Ақниет» мүгедектер мен зағип жандардың қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Дастан Орынбасаров. Ол «Қорған» мемлекеттік бірлестігінің грантын жеңіп алып, тігін цехына қажетті жабдықтарды сатып алған. Бүгінде цехта 8 мүмкіндігі шектеулі азаматша тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Цехта тек киімдер ғана емес, көрпе-жастық, қыз жасауы, перде сынды тұрмыстық бұйымдарға да тапсырыстар қабылданады. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындардан сұраныс артып келеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі