Келес ауданында 3 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтеді
Келес ауданында тұрғындарға медициналық көмек көрсететін 66 мекеме жұмыс істейді. Былтыр желтоқсан айында аудандық емханаға1 КТ апараты, 1 УЗИ апараты және 4 жедел жәрдем санитарлық көлігі пайдалануға берілді. Күрделі жөндеуді қажет ететін 3-нысанның ЖСҚ-сы жасалып, сараптама қорытындысы алынған. Атап айтсақ, аудандық аурухана ғимаратына, Ақжол ауылдық ауруханасына және Көкбұлақ дәрігерлік амбулаториясы.
22 нысанның құрылысына СЖТ-ы (сәулет жоспарлау тапсырмасы) жасалынып, денсаулық сақтау басқармасына тапсырылған. Оның ішінде, 1, 500 орындық 1 емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 15фельдшерлік акушерлік пункт бар.
Ұлттық жоба аясында 2023 жылы 6 дәрігерлік амбулатория және 1 ФАП құрылыстарына облыстық бюджеттен ЖСҚ-сы жасалып, құрылыс нысандарын 2024 жылы бастау жоспарланған. Олар Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекені «Ошақты» ДА, Ошақты ауылдық округі, Береке елді мекені ДА Береке, Ақтөбе ауылдық округі Ынтымақ елді мекені ДА Ынтымақ, Ақтөбе ауылдық округі Жаңадәуір елді мекені ДА Жаңадәуір, Бірлесу ауылдық округі және 28-Гвардия елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория және Біртілек ауылдық округі Көлтоған елді мекені ФАП.
Айта кетейік, биыл өңірімізде 100-ден астам әлеуметтік нысанның құрылысын қолға алу жоспарланған. Оның 52-сі білім саласы, қалған 49-ы денсаулық сақтау саласы бойынша салынады. Одан бөлек, облыста ауқымды 6 жоба жүзеге асырылады. Олар: Сарыағаш қаласында 300 орынды перинаталды орталығы бар медициналық кешен, Ордабасы ауданының Темірлан ауылында 200 төсек-орынды заманауи перинаталды орталық, Түркістан қаласында 210 орынды облыстық балалар ауруханасы, Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінде 210 орынды аудандық аурухана ғимаратын салу жоспарлануда.