Кентауда жылу жүйелері жаңартылуда

Кентау қаласының жылу энерго орталығын жаңа жылыту маусымында сапалы жылумен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілген режимде атқарылуда. Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Белгіленген мерзімінде аяқтап, сапасына басты назар аударуды міндеттеді. Жылу көздерін қайта құрылымдау кестеге сәйкес жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарына қажетті қондырғылар шетелден тасымалданады. Осыған қатысты облыс әкімі тапсырыс беру жұмыстарын ширатуды жүктеді. Мердігерлерге кестеден қалған әр күнге белгіленген айыппұлдың артатынын ескертті. Жөндеу жұмыстарының барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында.
ЖЭО-дағы электр энергиясының генерациясы орталықтың өз қажеттіліктерін өтеуге де жетпейді, ал тариф күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кентау тұрғындарын және әлеуметтік нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Кентау қ. ЖЭО «№7,8,9,10,11,12 қазандықтарын күрделі жөндеу» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның конкурстық құны 12,9 млрд. теңге, оның ішінде ҚР Үкімет резервінен 9 млрд. теңге, қалған 3,9 млрд. теңге облыстық бюджеттен қарастырылды. Кентау қаласындағы жылу көздерін жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді.
Жылу энерго орталығындағы 8 қазандықтың екеуі қайта құрылды. Жылыту маусымы басталғанға дейін жылу энерго орталығындағы жалпы 6 қазандықты қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде Кентау қаласының жылу-энерго орталығын 4 бірдей қазандығы толықтай жаңадан орнатылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *