Сарыағаштық үздік оқушылар лагерьде демалуда

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Дәулет Акатов «Машат-Арасан» сауықтыру орталығындағы оқушылармен еркін форматта кездесті.

Оқушылар бөлім басшысымен түрлі тақырыпта пікір алмасып, диалог өрбітті. Еркін форматта сұқбат жүргізді.

Биыл «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық жобасы аясында Сарыағаш ауданының 300 оқушысына «Машат-Арасан» оқу-сауықтыру орталығына жолдама берілген болатын. 3 маусымға бөлінген лагерде әр маусым сайын 100 баладан жазғы демалыстарын қызықты өткізетін болады.

Айта кетейік, Түркістан облысында бірінші ауысымға лагерьлерге 2464 бала қабылданған болатын. Оның ішінде «Қазақстан халқына» қорының есебінен Түлкібас ауданындағы «Машат–Арасан» сауықтыру лагеріне 8 ауданнан 400 бала, Маятас ауылындағы «Гавая» лагеріне 3 ауданнан 250 бала тегін жіберілді.

Сондай-ақ, Түлкібас пен Төлеби аудандарындағы лагерьлерде облыстағы 2 отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 152 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Одан бөлек, 266 оқушы басқа облыстардағы «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерьлерінде тынығады делінген.

Айта кетейік, жазғы лагерьлер бірнеше ауысыммен жұмыс істеуде,  Сауықтыру лагерьлері жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Биыл «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерімен тегін қамтылады.

Жалпы жаз мезгілінде Түркістан облысында 31 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Олардың 9-ы – мемлекеттік, 22-сі – жекеменшік. Сонымен қатар өңірде мектеп жанындағы бір мезгіл тамақпен қамтитын 350 лагерь және 648 ойын алаңшасы балалар үшін қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 446 педагог қызметкер жұмыс істеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *