Аналарға қамқорлық көрсетілді

Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескерусіз қалдырмай, шешілуіне ықпал етіп келеді. Оң шешілген талап-тілектердің қатарында: қаржылай көмек, әр түрлі мұқтаждық мәселелері бар. Солардың бірі Ордабасы аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Темірлан ауылының тұрғыны жалғызбасты мүгедек ана Азимбай Анар Хасенқызы отбасылық жағдайын айтып, немересіне спортық киім /кимоно/ сатып алуға қаржылай көмек сұрап өтінішін білдірген болатын. Өтініш иесінің мәселесін қарау үшін «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Ордабасы аудандық мәслихат депутаты Ортай Нұрзат Ғалымұлының демеушілігімен мәселе оң шешімін тапты.

Сондай-ақ, Түркістан қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қала тұрғыны мүмкіндігі шектеулі Атанова Толғанай Мамбетқызы денсаулығына байланысты яғни естімеуіне, сөйлей алмауына байланысты ұялы телефонмен қамтамасыз етуге көмек сұрап өтінішін білдірді. Кезекті қабылдауға «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалында алдын-ала әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламаға сәйкес қалалық мәслихат депутаты Жүсіпбаев Нұрсұлтан Үмбетұлының жеке қоғамдық қабылдауына жазылып, қабылдауда денсаулық жағдайы айтылды. Өтініш иесінің денсаулық жағдайын ескере келе демеушілік жасап азаматша Атанова Толғанай Мамбетовнаға ұялы телефон мен арнайы қол сағатын алып беріп, мәселе оң шешімін тапты. Өтініш иесі «AMANAT» партиясына қалалық мәслихат депутатына үлкен рахметін айтып, жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, Кентау қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне, қала тұрғыны ІІІ-топ мүгедегі Л.И. әлеуметтік жағдайына байланысты азық-түлік алуға көмек сұрап өтінішін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *