Түркістандық кәсіпқой боксшы мексикада «канело» кешінің андеркардында жұдырықтасады

Түркістанның сайыпқыраны, 2019 жылғы әуесқойлар арасында Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет (9-0, 7 КО) 7 мамыр күні таңертең Сапопан қаласында (Мексика) өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады.
Sports.kz порталының мәліметінше, 25 жастағы жерлесіміз Венесуэла боксшысы Архенис Эспаньямен (15-1, 14 КО) жұдырықтасады.
Бокс кешінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 05:00-де басталады, оны DAZN стримингілік платформасынан көруге болады. Б. Нұрмағанбет рингке алтыншы жұпта шығады деп жоспарланған.
Еске салайық, түркістандық боксшы осыған дейін кәсіпқой бокста 9 айқасқа қатысып, жеңіске жеткен (7 рет нокаутпен). Сондай-ақ WBA International нұсқасы бойынша суперорта салмақта чемпион атанған.
Сапопандағы бокс кешінің хедлайнерлері – мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (58-2-2, 39 КО) пен британдық Джон Райдер (32-5, 18 КО). Жекпе-жек «Канелоға» тиесілі суперорта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы белдігі үшін өтеді.
Еске сала кетсек, осы күні тағы бір қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) мексикалық боксшы Фабиан Риос Фраустомен (7-6-3, 4 КО) күш сынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *