Арыста «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 көшеге жол салынады

Арыс қаласында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында игілікті істер атқарылуда. Мәселен, дәл қазір аталған бағдарлама шеңберінде Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылдық округінде жолдарға асфальт жабындысы төселуде.

«Қазіргі уақытта Жиделіде табиғи газ кіргізу және ауылішілік жолдар салу қарқынды жүруде. Бұл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асуда. Жаңа жолдардың салынуы тұрғындар үшін де жағымды жаңалық болды», — дейді Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қазыбек Ақылбай.

Өткен жылы Жиделіде 3 көшеге асфальт төселіп, аяқжол мен жарықшамдар орнатылса, биыл қалған 5 көшеге жолдар салынуда.Айта кетейік, биыл жергілікті бюджет есебінен қала көлемінде 9 көшеге асфальт төсеу және 25 шақырым жолға тас төсеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында үш елді мекенде орналасқан 13 көшеге жол салу көзделіп отыр.

Арыста соңғы уақытта өндіріс те өркендей бастады. Айталық, 600 орынды заманауи білім ордасы салынуда. Құрылысы өткен жылы басталған мектеп ғимараты күзде пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, «Наурыз» тұрғын ауданынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Одан бөлек, «Отырар» тұрғын ауданында да 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, И.Журба мектебінде 300 орындық қосымша корпус құрылысы, Онтам шағын ауданынан жеке кәсіпкер есебінен 200 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, жеке инвесторлар есебінен 2 мектеп пен 5 балабақша салынбақ. Осылайша Арыс қаласында мектеп тапшылығы мәселесі толық шешімін табады.

Айта кетейік, Арыс қаласындағы «Барыс» шағынауданында жеке инвестор есебінен тұрғын үй салынып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *