Референдумның маңыздылығын түсіндірілді
Баршаларыңызға белгілі, 2024 жылдың 6 қазанында АЭС салу жөніндегі бүкілхалықтық референдум өтеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтқан болатын. Қазіргі таңда аталған мәселені ел азаматтары қолдап, Мемлекет басшысының бұл бастамасының шын мәнінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы орасан екендігі айтылып жатыр.
Осы мақсатта, аудандық ардагерлер үйінде кездесу өтіп, онда референдумның өту мақсаты жайында зиялы қауым өкілдері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге эскперт ретінде Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы ҚХА – ның ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Қабылбеков, «Ауыл» партиясы САФ төрағасы Е. Жайлаубеков қатысып, жиналғандарға егжей-тегжейлі түсіндірді. Сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы, оның елімізге қажеттілігі туралы пікір таласы өтті.