Түлкібаста «Ерлік даңқы ешқашан өшпейді» атты тағылымды шара өтті
Түлкібас ауданының «Соғыс ардагерлері» аллеясында Жеңістің 78 жылдығына орай «Ерлік даңқы ешқашан өшпейді» атты тағылымды шара өтті.
Онда қатысушылар майданда қаза тапқан құрбандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алып, оларға тағзым етті.
Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және жиналған қауым «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
— Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы. Сонымен қатар, бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау тарихи оқиғаның жемісі деп білемін, — деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, шарада ауданның Құрметті азаматы, полиция ардагері С.Танатбаев сөз сөйлеп, елімізге амандық, әр отбасыға береке-бірлік тіледі.