Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық мектептің құрылысы басталды
Сарыағаш қаласындағы Телемұнара мөлтек ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 900 орындық мектептің құрылысы басталды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев салынып жатқан жаңа нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Мектепте арнайы пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар және шеберханалар болмақ. Сондай-ақ, қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «ART құрылыс» тарапынан мектеп ғимаратының қазан шұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі жауапты мердігерге тиісті жұмыстарды сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтауды тапсырды.