Гавайдағы орман өрті: 13 000 тұрғын жарықсыз қалды
Гавай аралдарындағы бірнеше елдімекен тұрғындары орман өртіне байланысты эвакуациялануға мәжбүр болды. Екі үй өртке оранды, деп хабарлайды AP агенттігі.
Күшті жел мен құрғақ ауа өрт тұтану қаупін ұлғайтады. Ұлттық метеорология қызметі бір-біріне жалғасқан аралдардан оңтүстікке қарай қауіпсіз Дора құйыны 805 шақырым жерден өтіп, өзімен бірге жылдамдығы сағатына 97 шақырымнан асатын желді алып келді. Мауи аралының батысындағы Лахайна қаласында тұтанған өрттердің бірі тоқтатылды, бірақ өрт сөндірушілер әлі де Кула қаласында қызыл жалынмен күресіп жатыр.
Мауи мэрі Ричард Биссеннің сөзінше, өрт екі үйді, 1100 акр жерді жоқ қылды. Оның айтуынша, 80 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар мэр аралдың солтүстік бөлігіндегі төрт елдімекенде 400 үйдің тұрғындары эвакуацияланғанын хабарлады. Өртпен күресуге күшті жел кедергі келтіріп жатыр. Сейсенбі кешке Hawaiian Electric Мауиде шамамен 13 000 адам электрсіз қалғанын хабарлады. Билік өкілдері Гавай Ұлттық ұланы қызметкерлерін өрт сөндіруге жұмылдырды.
Гавайдағы өрт, әдетте, аралдардың қуаң аймақтарында басталады. Адамдар мекендегенге дейін Гавай мен басқа тропикалық аралдарда өрт сирек кездесетін. Өрт қоршаған ортаға залал келтіреді, мәселен, өсімдіктерді жояды. Оаху аралында электр энергиясын таратуда да қиындық туындаған. Метеорологтар күшті жел тұратынын хабарлап, өрт тұтану қаупінің қызыл дәрежесі енгізілгенін мәлімдеді.