ОРДАБАСЫЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ КӨМЕГІМЕН ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫН АШҚАН

Ордабасы ауданында мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп, жеке кәсіппен айналысып отырған көпбалалы аналардың бірі Ақмарал Сәрсенбаева. Ол қайтарымсыз грант жеңіп алып, үйінен тігін шеберханасын ашқан. Грант қаржысына тігін машинасы мен қажетті жабдықтарын сатып алған. Кәсіпкер алдағы уақытта қолөнер шеберханасын дамытуды көздеп отыр.
Жалпы ауданда «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында өткен жылы жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға бағытталған грант алушылардың саны -114 адам болған. Оның ішінде көпбалалы санаты бойынша – 81, мүгедектігі бар – 16, мүгедектігі бар бала тәрбиелеуші – 10, асыраушысынан айырылғандар – 5, АӘК алушылар санатынан – 2 азамат грант алған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *