Үздіксіз электр энергиясын өндіретін жобаны іске асыратын уақыт жетті
Елімізде атом электр стансасын салу жөніндегі мәселе біраз уақыт¬тан бері қоғамның талқысына түсіп келеді. Бірі «АЭС елдегі энер¬гияның жетіспеушілігін жояр еді» десе, екіншісі Чернобыль мен Фукусима¬дағы апатты жағдай бізде де қайталануы мүмкін деген күдікпен наразылық білдіруде.
Елімізде атом энергетикасын дамыту мен АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыру бойынша халық арасында ақпараттық-ағартушылық түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілуінің нәтижесінде қазіргі таңда атом энергетикасының маңыздылығы мен қажеттілігін қолдаушылар қатары ұлғайып келеді. Сайрам ауданында атом энерге¬тика¬сының қоршаған ор¬та¬ға әсері мен оның ар¬тық¬шылықтарын түсіндіру, сонымен қатар, АЭС құ-рылысының жобасын талқылау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Байқасаңыздар, қазірдің өзінде елімізде элктр энергиясына деген тапшылық шырқау шегіне жетіп қалды. Сондықтан, бізге базалық сенімді энергия бере алады АЭС екенін түсінуіміз керек. Әрине, бүгінде мемлекетімізде жылу стансалары бар. Дегенмен, олар көміртегін бөледі. Оның қоршаған ортамыз бен тыныстайтын ауамызға қаншалықты зиянды екені айтпаса да белгілі.
Мемлекет басшысы Үкіметке 2060 жылға қарай көміртексіз энергетикаға, яғни атом электр стансасы мен жаңартылатын энергия көздеріне көшуге тапсырма беріп: «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр.
Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет» деген болатын. Былай қарағанда, жаңаратын энергия көздері де жақсы. Алайда, ол үшін барлық уақытта ауа-райы қолайлы болуы керек. Яғни, үнемі жел соғып, күн сәулесі түсіп тұруы керек. Ал, табиғат ондай заңдылыққа бағынбайды ғой. Күз бен қыста күн сәулесінің көзі көрінбейтін жаңбырлы, боранды күндер болады. Сондықтан, еліміздегі электр энергиясына деген тапшылық болмасын десек, біз АЭС салуды қолдауымыз керек.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, халықты толғандырып жүр¬ген сұрақтар-дың дені оның қауіп¬сіздігіне байланысты болып отыр. Бүгінгі күні әлемде 430-ға жуық АЭС жұмыс істеп тұр. Әрі АЭС-тердің жаңа технологиямен салынған түрлері де шығып жатыр. Ғалымдар мен зерттеушілер олардың экологияға әсері аз екенін алға тартуда. Әрине, әрбір балама энергия көзінің пайдалы және зиянды жақтары болады. Оған қажетті шикізат өзімізде өндірілетіндіктен, атом электр стансасы бізге қо¬лайлы энергия көзі болып табылады.
Әлем елдерінің арасында Франция жалпы тұтынатын электр энергия-сының 80 пайызын АЭС-тен алып отыр. «Елу жылда – ел жаңа» дегендей, бізге де қоршаған ортаға зиянсыз әрі үздіксіз электр энергиясын беретін жобаны қолға алу қажет деп ойлаймын. Жалпы бұл жобаны іске асыруда бір мемлекет жеке дара шешім қабылдай алмайды. Халықаралық ұйымдар бар, оның ішінде АЭХА, әлемдегі АЭС-ке қызмет көрсетуші операторлар, халықаралық деңгейдегі АЭС құрылысына әрі жұмысына қойылатын стандарттар мен талаптар бар. Сондықтан, оның қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ деуге болады.
Данат Балқыбекұлы — журналист