Түркістан облысында 1500-ден аса әйел мемлекеттік қызметте жұмыс істейді
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Үкімет алдына қойған мендеттерінің бірі гендерлік теңдікті нығайту және әйелдердің еңбегін қорғау, олардың мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріндегі қатысуын қамтамасыз ету жөніндегін шараларды біртіндеп әзірлеу. Бұл бағытта ел Президенті еліміздің әділетті мемлекет әрі инклюзивті қоғам құрып жатқанына, гендерлік теңдікті сақтау мәселесіне назар аударды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі әйелдер отбасылық міндеттермен қатар, көбіне ер-азаматтардың салалары болып саналатын коммуналдық, абаттандыру, инженерлік бағыттар бойынша және полиция саласындағы мемлекеттік әкімшілік қызметті де атқаруда.
Түркістан облысында мемлекеттік органдарда нақты қызмет атқаратын 5650 мемлекеттік қызметшінің ішінде әйелдердің саны – 1543, оның ішінде 236 басшылық қызметте лауазымдарда қызмет атқарады. Яғни, әйелдер қоғамымыздыңбарлық салаларында да, белсенділік танытып, ер-азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, облысымыздың өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті қызмет етуде. Облыс бойынша 213 мыңнан аса кәсіпкер болса, оның 68 мыңға жуық шағын және орта бизнеске басшылық жасап жатқан әйел азаматтар құрайды.
Статистикаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің
31,9%-ында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс жасайтын әрбір үшінші кәсіпкер әйел кәсіпкерлері болып саналады.
Әйел кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласында құрылды. Орталықтың мақсаты – кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау. Бүгінгі таңда орталыққа 2 мыңнан астам кәсіпкер әйелдер, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер, бастаушы стартаперлер кеңес алу үшін жүгінді. Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы
5658 мемлекеттік қызметшінің 1564-і немесе 27,3%-ын нәзік жандылар құрайды. Оның ішінде, 249-ы немесе 15%-ы басшылық лауазымдарды атқарады.
Ал, ең көп әйел азаматтары білімі беру мен денсаулық саласында жұмыс істейді. Облыста отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасудың алдын алу мақсатында «Отбасы бақыт мекені», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Жас отбасындағы қақтығыстар», «Жанұя – бақыт тілегі», «Тәрбие тал бесіктен басталады», «Ұлттық құндылық – отбасы тәрбиесінде», «Тәртіп-тәрбие бастауы», «Отбасы ең үлкен құндылық» тақырыптарында отбасыларға 10 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 500-ге жуық жас отбасы қамтылды.
Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы, Түркістан облысы әйелдерді қолдау ҮЕҰ бірлескен жоспар бекітілді.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты жасалатын зорлық–зомбылықтың алдын алу мақсатында мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен бірлесіп жұмыстар атқарылды.
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, мемлекеттік органдармен бірлесіп, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен, атап айтқанда «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ және «Сенім-Ай» ҚБ-нің «КӨМЕК» дағдарыс орталығымен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесіп, пікір алмасылуда. Жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіп, зорлық-зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер берілуде.
Жергілікті жерлерде үкіметтік емес ұйымдармен 2024 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарлары бекітілген. Жергілікті жерлерде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністері қызметкерлері тарапынан, тұрғындарға зорлық-зомбылық құрбандарының қорғалатын құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ақпараттар ұдайы ұсынылуда.
Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында, халық арасында үгіт-түсіндірме жұмысы жүргізіліп, отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға арналған өзекті әлеуметтік тақырыптары, сонымен бірге, әйелдердің құқықтары мен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялануда.
Жалпы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жұмысының тиімділігін арттыру бойынша мүдделі органдармен, үкіметік емес ұйымдармен, қоғамдық кеңестермен жұмыстың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының қатаң бақылауында.