Айсұлу психологиялық тренинг өтті
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Төлеби және Түлкібас аудандарының келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарға психологиялық көмек көрсету мақсатында «Мен өмірді таңдаймын!» атты аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингтің жалпы мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады.
Семинар-тренингті “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу жүргізді. Семинар-тренинг барысында – психологиялық бағыт беру мақсатында аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық екендігі, қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралып жатқаны, оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды рөл атқаратындығы туралы баяндалды.
Семинар-тренинг соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін ашық айтып, алған әсерлерімен бөлісті. Адамның ең қымбаттысы – өмірі. Ол адамға бір –ақ рет беріледі. Сондықтан оны «қайран босқа өткен жылдарым –ай» деп өкінбейтіндей, барлық күш – қуатыңды дүниедегі ең тамаш іске, адам баласын азат ету жолындағы күреске жұмсалады деп айтарлықтай етіп өткізу керек.
Айта кетейік, облысымыздың дамуына аналарымыз бен қыз-келіншектердің қосар үлесі айрықша. Олар өңірімізді өркендету жолында түрлі салаларда жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінде Түркістан облысында 179 мың көп балалы ана бар. 2500 «Батыр ана», 17 мыңға жуық «Алтын алқа» иегерлері саналы ұрпақ өсіруде. Біз 44 мыңға жуық «Күміс алқа», 4 мың «Ана даңқы» орденінің иегерлерімен мақтанамыз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ардақты аналарымыз тек отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе, кәсіпкерлік, бизнес саласындағы ханымдардың үлесі жыл санап артуда. Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар. Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар басшылық жасап жатыр.
Қазіргі жағдай бойынша Түркістан облысындағы іс басындағы 5658 мемлекеттік қызметшінің 27%-ын нәзікжандылар құрайды. Осылайша, белсенді әрі іскер ханымдарымыз ел экономикасының дамуына да айтарлықтай үлес қосуда. Сонымен бірге қазақтың қайсар қыздары мен ардақты аналары білім беру, медицина және өзге де салаларда абыройлы еңбек етіп жүр. Солардың бірі ретінде практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлуды айтуға болады.