Насиба ана тазалықты сүйеді

Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірімінде «Таза Қазақстан» акциясы қарқын түрде жүргізілуде. Айталық, ауқымды акцияға біздің облыстың әрбір тұрғыны атсалысуда. Тіпті, әр отбасы өз үлесін қосуда десек болады.

Мәселен, Түркістан облысы, Сауран ауданының тұрғыны Насиба Хамитованың ауласы мұнтаздай таза.

Насиба анамыз ауласындағы жасыл желегін 10 жылдан бері өзі баптайды екен. «Тазалық – тазаланған жерде емес, тазалық сақталған жерде» дейді Насиба анамыз. Сондықтан, ол үнемі балаларына үйде болсын, мейлі қоғамдық орында болсын тазалық сақтап жүріңдер деп ақыл айтады екен.

Осындай аналарымыздан үлгі алсақ адаспаймыз. Реті келгенде айта кетейік, бүгінде қоғамымызда әйелдер ерлерден кем еңбек етіп жатқан жоқ. Олар қайта ел тұрмысын жақсартуға да барынша үлес қосуда. Өңіріміздегі әйелдер қанаты белсенді әйелдерді біліміне, қызметіне қарай іріктеп, белгіленген 10 бағытқа бөліп, эксперттік топ құрған болатын. Эксперттік топ мүшелері аудан, қалалардан сайланған депутат әйелдерге көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында методикалық кеңестер беріп, өзекті мәселерді бірге тақылап, олардың шешу жолдарын қарастырады.

Түркістан облысы бүгінде ел демографиясына үлкен үлес қосып отырған өңір болып табылады. Облысымызда 177 мыңнан аса көп балалы ана тұрады. Түркістан облысының аналары дүниеге сәби де әкеледі, қызмет те жасайды, кәсіпкерлікпен де айналысады, бір сөзбен айтқанда, әмбебап, өмірге икемді, бейімделгіш келеді. Облыс көлемінде 155 мың кәсіпкер болса, соның 32 пайызын немесе 48 мыңға жуығын әйелдер қауымы құрайды.

Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша 506 кеңес берілді; 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында биыл Түркістан облысы бойынша жалпы 330 кәсіпкер 22,799 млрд. теңгеге, соның ішінде 135 кәсіпкер  әйел 6,158 млрд. теңгеге қаржыландырылды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 2022 жылы 712 кәсіпкер әйелдің, 2023 жылы 166 кәсіпкер әйелдің банктен алған несиелері субсидияландырылды. Партия филиалы жанынан құрылған кеңеспен бірлесіп «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы қолға алынған  жұмыстар одан әрі жалғасын табуда.

Облыста «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 18,9 млрд. теңгені құрайтын 3143 өтінім мақұлданып, 14,7 миллиард теңгені құрайтын 2 474 жоба қаржыландырылды. Оның 592 өтінімге арналған 3,3 млрд. теңгесі әйел кәсіпкерлерге тиесілі болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *