Сайрам ауданындағы орталық саябақ ажарлана түспек

Аудан орталығы Ақсу ауылындағы «Орталық саябақ» халықтың демалыс орнына айналу тиіс. Жер көлемі үлкен, халықтың келіп кетуіне ыңғайлы жерде орналасқанымен қазіргі таңда тұрғындардың бір мезгіл дем алып, серуендеуі үшін жағдай жасалмаған. Осы уақытқа дейін көңіл бөлінбеген.
Осы мәселеге ерекше назар аударып, оның оң шешімін табу мақсатында аудан әкімі Арман Сәбитов Орталық саябақтың заманауи талаптарға сәйкес келетіндей етіп, эскиз жобаларын дайындатты. Халықтың игілігі үшін жасалған эскизді аудан басшысы облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының іссапары барасында арнайы көрсетіп, алдағы атқарылатын жұмыстар жайындағы жобаны ұсынды. Аталған ұсыныс облыс басшысы тарапынан қолдау тауып, жақын арада құрылыс жұмыстары басталмақ.
Одан бөлек, абаттандыру жұмыстары да күшейтілетін болады. Ал саябақ ішіндегі «Неке сарайы» ғимаратын ыңғайластырып, «Белсенді ұзақ өмір орталығына» айналдыру көзделіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *