Президент алға қойған басты міндеттердің бірі – қолжетімді тұрғын үй салу
Президент алға қойған басты міндеттердің бірі – қолжетімді тұрғын үй салу. Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы ел халқына жолдауында және кеңестілген мәжілістерде бұл бағытқа үлкен басымдық беріп келеді.
Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру барысында Түркістан облысында құрылыс жұмыстары үлкен қарқын алды.
Мәселен, өңрідегі құрылыс көлемі 5 жылда 2,5 есеге өсіп, 351 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үй алаңы 2 есеге көбейіп, 864 мың шаршы метрге жетті. 5 жылда 4 420 отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасыбанк» арқылы 5 000-нан астам отбасы әлеуметтік-ипотекалық үй сатып алды. Жалға алған баспана ақысын субсидиялау 7 бағдарламасымен (50%) 2000-нан астам отбасы қамтылды. 221 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Түркістан облысында биыл 205 мың шаршы метр үй тапсырылды. Жыл соңына дейін жалпы алаңы 211 мың шаршы болатын метр 65 көпқабатты үйді тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде 3557 отбасы өз баспанасына қол жеткізеді.
Тағы бір тоқтала кетер жайт, Түркістан қаласындағы ең биік екі тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде. 20 қабатты паркингі бар тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Бұл ғимараттар облыс орталығы Түркістан қаласының көркін аша түсері ақиқат.