Түркістан облысында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қарқынды шаралар жүргізіп жатыр

Түркістан облысы гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою жұмыстары бойынша республика бойынша алдыңғы қатарда келеді. Бүгінде өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жедел әрекет ету бағытындағы ведомствоаралық жүйесі өз жемісін беруде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қызметі арқылы әйелдерге қолдау көрсетілуде.

Бәрімізге белгілі қазіргі таңда әйел құқығы жайлы мәселе қоғам үшін ауқымды түйткілдердің бірі болып отыр. Тіптен әйел құқықтарының ерлермен тең дәрежеде болуына күресіп келе жатқан феменизм үрдісінің сан толқынын бастан өткердік. Түркістан облысында құқық қорғау органдары әйелдердің құқығын қорғау мақсатында әйелдермен кездесулер ұйымдастырып, құқықтық сауаттылығының артуына көмектесуде.

Гендерлік теңдік – әйелдер мен еркектердің тең құқықтық мәртебесі және тұлғаларға жынысына қарамастан өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына қатысу үшін өз қабілеттерін еркін қолдануға мүмкіндік беруші тең мүмкіндіктер; әйелдер мен еркектердің қоғамдық өмірдің әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларында мүмкіндіктерге, ресурстарға және сыйақыларға тең ие болуды ұйғарады. Статистика бойынша елімізде  бір жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зор¬лық-зомбылықтың құрбаны бола¬ды екен. Бұл, әрине, сотқа жүгініп, құқығын қорғағысы келгендердің тізімі ғана. Өйткені «жабулы қазанды ашқысы келмей», отбасындағы кикілжіңді сыртқа шығармай қалу да орын алып отырғаны жасырын емес. Елдегі шаңырағы шайқалған отбасыларда аз емес. Оның басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбы¬лық. Осы жерде гендерлік саясаттың мақсаты – осының алдын алу екені түсінікті болады.

Әйелдер құқықтарының сақталмауына байланысты қылмыс, оқыс оқиғалар әсіресе ауылдық жерлерде кеңінен таралған екен. Онда әрбір екінші әйел ұдайы қандай да бір нысанда зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл ретте олардың кем дегенде жартысы бұл фактілер туралы билікке ешқашан хабарлаған емес. Бұған күйеуі мен туысқандарына материалдық тәуелділік, сондай-ақ құрбандардың өздеріне қарсы бағытталған қоғам жағынан кінәлау себеп. Сонымен қатар ауылдық жерлерде әйелдер мен қыздарға жыныстық немесе басқа да зорлық-зомбылық жағдайларында аз көмек көрсетіледі. Құрбандар жиі қорғаусыз қалады, ал құқық бұзушылар сирек жазаланады.

Бұл статистикалар жай ғана сан емес, елде әйелдердің басым көпшілігі өз құқықтарын білмеуден зардап шегетінінен хабар береді. Бұл құқықтарды білмегендіктен зорлық-зомбылыққа, өзіне деген әділетсіздікке төзуден басқа амалы қалмайды. Егер жағдай осылай жалғасса бұл өз кезегінде орны толмас өкінішпен аяқталуы мүмкін. Сол себепті әйелдердің құқықтары жайлы құқықтық түсіндірудің маңызы орасан зор.

Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді әлдилейді деген дана халқымыз. Бұл әйел құқықтарымен мүмкіндіктері шектелмеу керегінің дәлелі. Әйелдер мен еркектерді жыныстық белгісі бойынша емес, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени бағыттағы әлеуеттік мүмкіндіктерге ие және мемлекеттік гүлденуі мен дамуына қажетті үлес және пайда әкеле алатын адами ресурс, тұлға ретінде қарау қажет. Бұл өмір шындығы.

Елімізде отбасындағы зорлық-зомбылық өршіп тұр. Республика бойынша Түкістан облысы нәзік жандыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетуден көш бастап тұр. Десе де өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қызметі де жемісті жұмыс атқарып жатыр. Түркістан облысында полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қарқынды шаралар жүргізіп жатыр. Соның бірі –  Түркістан облысының Полиция департаментінде ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен маңызды шара өткізілді. Оған, облыс прокурорының орынбасары Е. Шалатайұлы, қалалық, аудандық тергеу және анықтау бөлімшелерінің қызметкерлері, прокуратура, сот органдары, денсаулық сақтау және сот сарапшылары қатысты. «Дөңгелек үстел» тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістер бойынша ұйымдастырылды.

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылғы 15 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң күшіне енді. Осылайша әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады және басқа да бірқатар өзгерістер енгізілді.

Кездесу барысында қылмыстық кодекстің жаңа нормалары аясында тергеуге дайындықты қамтамасыз ету және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстарды тіркеу, қылмыстық істер бойынша тергеушілер мен анықтаушылар тағайындайтын сот сараптамаларының сапасын талдау және оңтайландыру, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелері қаралды.

Соңында жиналғандар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, талқыланатын тақырып аясында  бірыңғай тәсілді әзірлеуге сенім білдірген болатын.

Жалпы Түркістан облысының полиция қызметкерлері басқа мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында, облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шараларын, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізді.

Атқарылған жұмыстар бойынша облыс бойынша  3600-ге жуық тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған тұрғын полиция бөліміне жеткізілді. Барлығы 3094 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, 536 тұлғаға қатысты мінез құлқына сотпен ерекше талап белгіленді.

Құқық бұзушылыққа бейім  546 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 341 ата-ана қолайсыз отбасы есебіне алынды.

Осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, жанұяның беріктігін сақтауға, ажырасудың алдын алу мақсатында облысымызда 3600-ге жуық психо–профилактикалық жұмыстар (психологиялық кеңестер, заңгерлік кеңестер, әлеуметтік қызметтер, тұрмыстық қызметтер, медициналық қызметтер) жүргізілді.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі комиссиясы, «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ Түркістан облысының филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ-мен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында жиі кездесіп, пікір алмасуда.

Жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіп, зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, медициналық және психологиялық кеңестер берілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *