Үрзия апайдың орталығында оқушылар жан-жақты білім алады

Төлеби ауданы Леңгір қаласында «Бастау бизнес» жобасының арқасында бүгінде өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі – Үрзия Сіргебаева.
Ол пандемия кезінде болған қиыншылыққа қарамастан мемлекеттен аз да болса қаржылай қолдау алып, шағын кәсібін бастаған болатын. Кейіпкеріміз Үрзия апай кәсіпкер ғана емес, көп балалы ана. Оның негізгі мамандығы – екі шет тілі пәнінің мұғалімі. 2017 жылдан бастап балаларды ата-аналарының өтініші бойынша үйлеріне барып оқытып жүрген болатын. Кейіннен Леңгір қаласы әкімдігінің көгалдандыру бөліміне жұмысқа тұрып, қоқыс тазалаумен және гүл көшетін егумен екі жыл айналысады. Гүл егіп жүріп арасында балаларға сабақ беруін де тоқтатпай жалғастыра береді. Дегенмен, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі өзінің бизнес идеясын ілгерілетуге 2020 жылы бел буады. Содан арнайы оқуын оқып, сертификат алады. Жобасы қолдау тауып, 583 мың теңге грант беріледі. Соның нәтижесінде жалға ғимарат алып, репетиторлық орталық ашады.
Қайтарымсыз қаржыға Үрзия апай қажетті оқулықтар мен арнайы тақта және ноутбук сатып алған. Мұнда балалардың ағылшын және орыс тілдерін үйренуіне мейлінше мүмкіндік мол. Осы уақытқа дейін 200-ден аса бала білім алып шыққан.
–Жалпы, кәсіп бастаушыларға айтарым, оның еш қиындығы жоқ. Орталықтың ашылғанын ата-аналар балаларынан және бір-бірінен естіп, осында келіп жатыр. Мұнда көп балалы отбасылардың балалары тегін оқиды. Егер бір отбасынан екі бала келетін болса, екіншісі 25 пайыз жеңілдікпен оқиды. Көп балалы емес отбасылардың балалары толық төлейді. Қазіргі таңда өзімізді-өзіміз қаржыландырып отырмыз, – дейді Үрзия Сіргебаева.
Орталықта, сондай-ақ, қолөнер, ағылшын, орыс- араб тілі, математика және логопед-дефектолог,  массаж үйрететін қосымша сабақтар өтеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *