Әсел 200-ден астам баланың арманын орындады

Түркістандық бүлдіршіндерді «Армандар орындалады» жобасы арқылы арманына жеткізіп, шексіз қуаныш сыйлап жүрген Әсел Бимырзаева өңірімізде былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «Үздік белсендісі» атанған жас. Ол қаладағы мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істейді. Өзі Тараз қаласында тумасы. Балалық шағы Арыс қаласында өтіп, сол жерде мектеп бітірген екен. Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде жоғары білім алып, осы қалаға келін болып, қызмет жолын №17 Ататүрік мектебінде мұғалім болудан бастады. Қазіргі таңда аталмыш білім ұясында оқушыларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс береді.

– Менің өзім де ерекше баланың анасымын.  Әрі мүмкіндігі шектеулі балаларға да үйлеріне барын мұғаіммін. Бір жолы үйден оқытылатын бір оқушымнан «Осы сенің арманын қандай?» деп сұрадым. Сонда ол дәрігер болғысы келетінін, осы уақытқа дейін лаваш жемегенін және кинотеатрда көпшілікпен отырып кино көргісі келетінін айтты.

Арбаға таңылған бұл баланың анасы жалғызбасты. Әрі көпқабатты үйде тұрады. Ол оқушыны далаға алып шығу анаға қиынға соғады. Осы бір ғана оқушымның арманын қалайда орындаймын деген ой мені мүмкіндігі шектеулі барлық баланың арманына жетелей түсті.  Үйге келген бетте жаңа жоба жайлы қағазға жаздым. Әлеуметтік салаға жауап беретін мекемелерден 10 ерекше баланың тізімін алып, олармен тілдесіп, армандарын хатқа түсіріп, демеушілердің көмегімен алғашқы іс-шараны өткіздім. Бастапқыда мұндай іс-шараны маусым, шілде, тамыз айларында, яғни жазғы демалыста ғана өткіземін деп ойлағанмын. Бірақ, тамыз айына келгенде 5-6 адам хабарласып, «маған бір хат дайындап қойшы» деп айтқан соң, арғы жағындағы 4 адамды табу қиындық тудырмады. Солайша бұл жоба қолдау тауып келеді, — деді кейіпкеріміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *