Альмира тұрғындарды кітап оқуға тартуда

Түркістан қаласында «KitapAl Club» бірлестігі құрылған болатын. Бүгінде Түркістан қаласында аталмыш бірлестікке қарасты «KitapAl Club Түркістан» клубы жұмыс істеуде. Клубтың ұйымдастырушысы Альмира Әбішева бұл бірлестіктің миссиясы – Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру екенін айтады. Оның құрылтайшысы – Данияр Жігітбек. Ол оқуға құштар адамдарды бір тудың астына жинап, үлкен күшке айналдыруды көздейді. Бүгінде мұндай бірлестіктер тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де құрылуда.

Жалпы Түркістан қаласында тұрғындарды кітап оқуға үндейтін осындай 14 клуб бар. Оларға 112 оқырман мүше. Соның ішінде «KitapAl Club» клубына мүше болғандар айына кем дегенде бір кітап оқуы керек. Сосын бас қосып оқыған кітаптары жайлы ойларын ортаға салып, талқылайды. Былай қарағанда, қазіргі таңда Түркістан қаласында айына кемінде 1 кітап оқитын 112 адам бар. Ең жас қатысушымыз небәрі 13-те. Ол жылына 500-ден аса кітап оқиды екен.

— «KitapAl Club» клубының мүшелерінің ең жасы 13-те болса, ең егдесі 73-те. Біз еліміздің әрбір азаматы жылына кем дегенде 10 кітап оқитын деңгейге жеткізуге әрекет етудеміз. Ол үшін Қазақстанда кітап оқуға шақыратын 1000 клуб ашып, «Ауылға кітап» жобасы аясында ауылдарға 6000 кітап жеткізу қажет. «Жетім көрсең жебей жүр» жобасы аясында балалар үйлерінде және ауыл мектептерінде «KitapАl Club» клубын құруды жоспарлап отырмыз, — дейді Альмира Әбішева.

Елдің дамуына үлес қосу үшін міндетті түрде бай болу, атақты болу, мемлекеттік қызметкер болу керек емес. Айтайын дегеніміз, аталмыш клубқа мүше бола отырып, елдің дамуына үлес қосатын алғашқы қадамды жасай аласыз. Президентіміздің өзі айтқандай, елімізді кітап оқитын ұлтқа айналдыру. Ол үшін әрине клуб мүшелерінің қатарына қосылу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *