Сәуленің қолынан шыққан бұйымдар көпшілікті тамсандырды

Түркістан облыстық  қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Шаңырақ жастар қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен облыстық «Мейірім шуағы» атты мүмкіндігі шексіз жастар арасында қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесіне Жаушықұм ауылдық округінен қолөнер шебері Жүсіп Сәуле Қасымханқызы өзінің жасаған бұйымдарымен көрмеге қатысқан болатын.

Аталмыш іс-шара қорытындысы бойынша қолөнер шебері Жүсіп Сәуле Қасымханқызына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы Алғыс хатпен марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

Айта кетейік, тарихы тереңнен бастау алатын Түркістан қаласына келетін саяхатшылар саны артып келеді. Бүгінде Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынуда. Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту. Жалпы биыл Түркістан түркі мемлекеттерінің туризм астанасы мәртебесін иеленді. Жыл ішінде облыс орталығында түркі мемлекеттерінің қатысуымен өтетін ауқымды жобалар жоспарланып, жүзеге асуда. Теңдессіз туристік кешеннің жалпы алаңы – 2,56 гектар. Қолөнершілер қалашығы  25 архитектуралық нысаннан тұрады. Іргетастарды нығайту және бетондау жұмыстары, сондай-ақ монолитті жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа қалашықта ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қол-өнер шеберханасын салудағы мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу. Мұнда қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Көрме немесе Showroom орналасады. Ұлы Жібек жолының бойындағы киелі шаһардың орталығында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *