«Отырар» жазғы сауықтыру лагері ашылды

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Отырар өнері және саз» мектебінің теңгеріміндегі «Отырар» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерь жұмысын ұйымдастырудағы басты мақсат жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілетін дамыту, білім алу құндылықтарын арттыру және бас қызығушылықтарын қанағаттандыру болып табылады.

Лагердің ашылу салтанатында еліміздің Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, оқушылар сап түзеп құрмет көрсетті. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов балаларды жазғы демалыс күндерімен құттықтап, лагерь жұмысына сәттілік тіледі.

Ол өз сөзінде: «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі. Жазғы демалыс балалардың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Сендер үшін қызықты іс-шараларды жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең болып табылады. Бұл лагерь өздеріңнің сан түрлі таланттарыңды ашып көрсетуге мүмкіндік береді»,-деді.

Шара барысында оқушылар аудан өнерпаздарының өнерлерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен әндерді қосыла шырқады.

Салтанатты шарадан соң аудан әкімінің орынбасары лагерь жұмысымен танысып, балалармен тілдесті. Лагерь басшылығына қауіпсіздік шараларын сақтай отырып балалардың жазғы демылысын сапалы ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Түлкібас ауданы Машат шатқалында орналасқан «Отырар» жазғы сауықтыру лагеріне облыстық мәслихаттың 11.04.2024 жылғы сессиясында қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бөлінген қаржыға шатыр ауыстыру, ауыс су жүйесін жөндеу және әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *