«Бүгінгі әйелдер саяси мәселелерге белсене араласады»

Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Сауран аудандық аналар кеңесі «Киіз басу өнері-көшпенділер мұрасы» атты тақырыпта киіз басудан өзара сайыс өткізді. Тәрбиелік мәні жоғары әрі салт-дәстүрді дәріптеуге таптырмайтын бұл іс-шара облыс көлемінде елдің  қызығушылығын оятты.Үш топқа бөлінген аналар текемет басып қана қоймай,жастарға дәстүрлі қазақы қоғамында кеңінен тараған ою -өрнекпен өрнектелген киіз дайындау әдістерінің қыр сырын көрсете білді. Ассамблея жанындағы аналар кеңесінің негізгі міндеті отбасы және ана институттарын нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету, рухани-мәдени бірегейлікті қалыптастыру,этносаралық келісімді ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту, жастармен, жалғызбасты, көпбалалы аналармен оларды мейірімділікке, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Қазіргі біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі, біртұтастығымызды сақтаушы күш екендігі белгілі.

Ауылдық округтердегі Аналар кеңестерінің ұйымдастыруымен «Ибалы келін»,»Ене мен келін», «Отбасы-ұлт тірегі» байқауларын, аудандағы Ескі Иқан, Жаңа Иқан ауылдарында «Қыз ақылды ескермес-ана үлгісін көрмесе», «Қыз қылықты көрінер қылығымен», «Үлкендер жолы- ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты тақырыптарда жоғары сынып қыздары мен ұлдары  арасында аналардың, әкелер мектебінің қатысуымен ақыл-кеңестер айтылды. Соңынан ұршық иірудің қыр-сырларын көрсетіп, қыздардың қызығушылықтарының артқанын көріп еңбегіміздің еш кетпегеніне қуандық.

 Жұманова Нышанкүл Абылайқызы,

Түркістан облысы  ҚХА  жанындағы

Сауран аудандық аналар кеңесі төрайымы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *