Қыз балалардың тәрбиесіне арналды
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің психолог мамандары «Түркістан жоғары көпсалалы медицина» колледжінде «Жақсы қыз — ата-ана мақтанышы» атты семинар-тренинг өтті.
Психологиялық тренингтің негізгі мақсаты — қазіргі таңда қыз балалар арасында кездесетін өзекті мәселелердің алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Семинар барысында қатысушылар психологиялық денсаулық, өзін-өзі бағалау және қоғамдық проблемалар төңірегінде маңызды ақпарат алды.
Тренинг соңында жастар психологтардың кеңестерін тыңдап, тақырыпқа қатысты көптеген сауалдарын қойды. Арнайы мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қыз баланың тұлғасын дамыту және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытында пікір алмасты.