Севара өзінің жеке тігін цехын ашты

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Мирзахмедова Севара «Тігін цехы» жобасымен мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алған II-топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Денсаулығы сыр берсе де жастанып жатып алуды хош көрмейтін Севара тынымсыз еңбек қана адамға шаттық пен жақсы көңіл-күй сыйлайтындығын айтады. Жатсаң ауру асқынып, өмірдің мәні де кетеді дейді кейіпкеріміз.

Бүгінде грант қаражатына тігін цехына қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, жұмыс орнын заманауи үлгіде жабдықтан. Енді қасына көмекші ретінде тігінші, өз ісін жақсы білетін кәсіби мамандарды жұмысқа алса, тігінге қатысты кез-келген тапсырысты алуға толықтай дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, өңірімізде жаңа бизнес жобаларды қолдауға бағытталған қайтарымсыз грант беру бойынша комиссия отырыстары ұйымдастырылды. Биыл грант беру жұмыстары 2 лек бойынша жүзеге асты. Атап айтқанда, бірінші лек өтінімдері мамыр айында қабылданса, екінші лек өтінімдері шілденің 15-26 күндері қабылданады.

Жалпы биыл облыста еліміздегі еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған. Ашық форматта өткен комиссия отырысы аудан, қала көлемінде Мансап орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді. Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде бірінші лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген болатын. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал, қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған.

Комиссия отырысында бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне өкілдер тарапынан баса назар аударылды. Комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 271-і өндіріс саласына, 227-сі ауыл шаруашылығы саласына, 298-і қызмет көрсету саласына, 91-і тамақ өндірісі саласына, 10-ы құрылыс заттарын өндіруге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *