Сайрамдық іскер әйелдер балаларды мектепке дайындауға атсалысты
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған «Іскер әйелдер кеңесінің» төрайымы Бекзатова Шахтыкүл Ақылбекқызының бастауымен және Іскер Әйелдер Кеңесінің мүше кәсіпкер ханымдарының демеушілігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Баланы мектепке даярлық», «Мектепке жол» атты Республикалық акция қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараға Партия филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлы, Сайрам ауданы Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Бекзатова Шақтыкуль Ақылбековна, «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Мадиярұлы қатысып, баларды жаңа оқу жылының бастауымен құттықтады.Қайырымдылық іс-шара жоспары бойынша мектеп мекемесінен 1-9 сынып аралықтағы 30 оқушыға, сонын ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасылар,жетім балалар,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,толық емес отбасылардың,мүмкіндігі шектеулі ата-аналардың оқушы балаларына мектеп үлгідегі форма,аяқ киімдер,спорттық үлгідегі киімдер мен сөмкелер,оқу құрал жабдықтары табысталды. Оқушылардың қуанышында шек жоқ. Қайырымдылық көмек қолын созып,қамқорлық көрсеткен демеушілерге алғыстарын жаудырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында 500 мыңнан астам бала білім алуда. Республикадағы әрбір жетінші оқушы біздің облысымызда. Жаңа оқу жылында облыс мектептеріне бірінші сыныпқа 52 мыңнан астам бүлдіршін қабылданды. Орайы келгенде тілге тиек ете кетейік, ағымдағы жылы Үкіметтің арнайы тапсырмасымен елімізде білім деңгейі төмен мектептердің арнайы тізімі жасалды. Онда 943 мектеп бар. «Мақсатты мектептің» ішіне Түркістан облысынан білім сапасы төмен 162 мектеп енген. Сала мамандары алдағы уақытта осы 162 мектептегі білім сапасына айрықша назар аударып, білім сапасы бойынша нақты нәтижеге қол жеткізудің тиімді жоспарын қарастыруда.
Сонымен қатар, бүгінде облыста 20 мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Бұл 20 мектептің 13-і биыл пайдалануға беріледі. Одан бөлек 4 апатты жағдайдағы және 5 үш ауысымды мектептердің мәселесі толығымен шешілмек.
Қазіргі таңда өлкемізде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Онда 14 мың оқушы білім алатын болады. Биыл үнемделген қаражат есебінен 350-ге жуық білім беру мекемесін жөндеу және табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сала мамандарының мәлімдеуінше, облыстағы 62 мектепте 265 арнайы пәндік кабинет жасақталмақ. Оған бюджеттен 3,5 млрд. теңге қаралған. Бұл білім ұяларындағы интернет жылдамдығына да айрықша көңіл бөлінуде. Білім саласында үнемделген қаржы есебінен (630 миллион теңге) 330 мектепке «Starlink» құрылғысы орнатылды.