Төлебиде 27 көшені жарықтандыруға 60 млн теңге бөлінді

Төлеби ауданы Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданында былтыр 2,0 га жер теліміне ПС-110/10 кВт қосалқы станциясының құрылысы бастау алған болатын. Оған 1 млрд 924 млн. теңге қарастырылды. Биыл нысанды аяқтауға 101 млн теңге бөлініп отыр.

«Шаңырақ 35/6 кВ» қосалқы станциясын ағымдағы жөндеуге 35 млн теңге қаржы қарастырылды.  2023 жылы 21 елді мекеннің 45 көшесіне электр желілерінің құрылысына 921 млн теңге. 2024 жылға 2023 жылдан өтпелі 9 елді мекеннің 19 көшесіне 172 млн теңге қаржы қарастырылды. (Қаратөбе, Бірінші Мамыр, Ақайдар, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кенесарық, Тасарық, Ханарық, Сұлтан Рабат) . Одан өзге 2 елді мекеннің 6 көшесінің құрылыс жұмыстарын бастауға 154 млн теңге қаржы қарастырылды. (Жамбыл, Ақбастау)

Сонымен қатар, 10 елді мекеннің 12 көшесіне түнгі жарық орнатуға 60 млн теңге бөлініп, түнгі жарық шамдары орнатылып, қосылды. 2024 жылға  27 көшеге түнгі жарық орнатуға 60 млн теңге қарастырылды.

Айта кетейік, Түркістан облысында 412,1 МВт электр энергиясын өндіретін 26 электр көзі бар. Оның ішінде «Шардара СЭС» АҚ – 126 МВт, «Кентаусервис» МКК – 7,5 МВт, 24 жаңартылатын энергия көзі – 278,6 МВт өндіреді. Өткен жылы өндірілген электр энергиясы көлемі сағатына 992,8 млн. кВт болса, биыл оны 1020,0 млн. кВт-қа жеткізу көзделуде.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің баяндауынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 922,8 млн. кВт/сағат электр қуаты өндірілген. Ал, барлығы 4 310,8 млн. кВт/сағат электр энергиясы тұтынылған. Оның ішінде облыста 21,4 пайыз немесе 922,8 млн. кВт/сағат өндірілді, ал, 78,6 пайыз немесе 3388 млн. кВт/сағат электр энергиясы солтүстік энергия көздерінен алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *